WhatsApp

Тексеру жүргізу ережелері

Мейрамхананы тексеру

 

Мына тексеру талаптарымен мұқият танысып шығыңыз, қажет болса, жазып алыңыз. Чек-парақ бойынша міндетті әрекеттер орындалмаған жағдайда, тексеру қабылданбай қалуы мүмкін.

Жеткізуді тексеру келесідей жүргізіледі: 

1. Қызметкерлер тексеру жүріп жатқанын байқамауы үшін, әдеттегідей тапсырыс беріп, оны төлейсіз.

2. Төмендегі чек-параққа сәйкес есеп дайындайсыз.

3. Есеп тексерілгеннен кейін жеке шотыңызға тапсырыс сомасына тең бонус начисляеміз. Бонустармен келесі тапсырыстың 100%-ына дейін төлеуге болады.

Нәтижесінде дәл сол сомаға екінші тапсырысты тегін аласыз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Төленбейтін өнімдер қатарына келесі атаулар кіреді:
• Сусындар: шай, табиғи шырындар, газдалған сусындар, су.
• Тапсырыс нормасынан артық алынған тауар.

Тексеру чек-парағы:

Есепті ұсыну үшін біздің Instagram-аккаунтымызға @prosushi_quality хабарлама жіберу қажет. Хабарламада міндетті түрде төмендегі ақпарат көрсетілуі тиіс:

  1. Тапсырыс жасалған күн.
  2. Чектегі тапсырыс нөмірі.
  3. Қала.
  4. Тексерушінің (сіздің) толық аты-жөні және телефон нөмірі.
  5. Мекемеге іргелес аумақ. Мекеменің кіреберіс аймағын бағалау қажет. Қоқыс жәшігі толып тұрмауы тиіс, темекі тұқылдары мен өзге де қоқыс шашылып жатпауы керек. Мекеменің витраждары мен кіреберіс аймағы таза болуы тиіс. Фотоға түсіріп, хабарламаға тіркеу қажет.
  6. Мекеменің тазалығы. Ақаулардың болуы. Есіктер, қабырғалар, жиһаз, сөре, үстелдер таза болуы тиіс: бөгде дақтар мен заттарсыз, сондай-ақ ақаусыз. Алдыңғы қонақтардан қалған лас ыдыс-аяқ пен табақшалар үстелдердің үстінде тұрмауы керек. Барлығын мүмкіндігінше егжей-тегжейлі сипаттаңыз. Қажет болған жағдайда (лас жерлер, бөгде заттар, ақаулар болса) фото түсіріп, хабарламаға тіркеңіз.
  7. Мекеме қызметкерлерінің сыртқы келбеті мен мінез-құлқы. Қызметкерлер сізді қалай қарсы алды? Қызметкерлердің киімі ұқыпты, мыжылмаған, таза болуы тиіс, олардан ешқандай бөгде, жағымсыз иіс шықпауы керек. Сипаттап жазыңыз.
  8. Тапсырысты қабылдау. Официанттың біліктілігі қандай болды, ол сіздің қалауыңызға қарай тағамдар ұсынды ма, десерт ұсынды ма. «Стопта» тұрған тағамдар болды ма (официанттан барлық тағамдарды қазір бірден тапсырыс беруге бола ма, соны сұраңыз). Официант тапсырыстан бонус начисленуі үшін телефон нөміріңізді нақтылады ма. Тапсырыстың дайын болу уақытын хабарлады ма. Сипаттап жазыңыз.
  9. Тапсырысты күту уақыты. Тапсырысыңыздың дайындалып, ұсынылуына кеткен уақытты өлшеп, хабарламада көрсету қажет. Уақыт официант тапсырысты қабылдап, оны асүйге жіберген сәттен бастап есептеледі.
  10. Мекемедегі дәретхана. Раковиналар, айналар, еден, унитаз таза болуы тиіс. Қоқыс жәшіктері толып тұрмауы керек. Сабын, дәретхана қағазы және қол сүртуге арналған майлықтар міндетті түрде болуы тиіс. Инженерлік жабдықтар (диспенсерлер, сантехникалық жабдықтар, жиһаз) жарамды күйде болуы қажет. Фотоға түсіріп, хабарламаға тіркеу қажет.
  11. Жәндіктердің болуы. Мекемеде ешқандай жәндіктер болмауы тиіс. Сипаттап жазыңыз.
  12. Сусындар. Кофе (кофе машинасы болған жағдайда), шай, шырындар кем құйылмауы немесе артық құйылмауы тиіс. Алып кетуге арналған кофе міндетті түрде қақпақпен берілуі керек. Фотоға түсіріп, хабарламаға тіркеу қажет.
  13. Мекемедегі температура. Қонақтар үшін температура жайлы болуы тиіс. Залда ыстық, қапырық немесе керісінше салқын болмауы керек. Сипаттап жазыңыз.
  14. Келушілердің әдепсіз мінез-құлқы. Мекемеде өзін дұрыс ұстамаған келушілер болды ма. Әкімші қандай шаралар қолданды. Сипаттап жазыңыз.
  15. Жағымсыз иіс. Мекемеде бөгде жағымсыз иістер болды ма. Біздің мекемелердің залдарында жеңіл, көзге (мұрынға) түспейтін хош иісі бар ауа хош иістендіргіші қолданылуы тиіс. Сипаттап жазыңыз.
  16. Ұсынылған тағам. Берілген тапсырысты бірнеше рет фотоға түсіру қажет.
  • Тапсырысты официант қалай ұсынса, дәл сол күйінде фотоға түсіріңіз (жоғарыдан түсірілген көрініс, камера тапсырыстың дәл үстінде болуы керек, бүкіл тапсырыс кадрда толық көрінуі, қиылып қалмауы тиіс)
  • Тапсырысты бұрыштап фотоға түсіріп, ішіндегі салмасы анық көрінетіндей етіңіз
  • Салмасын жеке фотоға түсіріңіз. Порциядағы әрбір бөлікті міндетті түрде фотоға түсіру қажет

Хабарлама жіберілгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде жауапты күтіңіз (әдетте біз тезірек жауап береміз)

 

Жеткізуді тексеру

 

Мына тексеру талаптарымен мұқият танысып шығыңыз, қажет болса, жазып алыңыз. Чек-парақ бойынша міндетті әрекеттер орындалмаған жағдайда, тексеру қабылданбай қалуы мүмкін.

Жеткізуді тексеру келесідей жүргізіледі:​​​​​​​

1. Қызметкерлер тексеру жүргізіліп жатқанын сезіп қоймауы үшін, әдеттегідей тапсырыс беріп, оны төлейсіз.

2. Төмендегі чек-параққа сәйкес есеп дайындайсыз.

3. Есеп тексерілгеннен кейін жеке шотыңызға тапсырыс сомасына тең бонустар есептеледі. Бонустармен келесі тапсырыстың 100%-ына дейін төлеуге болады.

Нәтижесінде дәл сол сомаға екінші тапсырысты тегін аласыз.​​​​​​​

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!​​​​​​​

Төленбейтін өнімдер қатарына келесі атаулар кіреді:
• Сусындар: шай, табиғи шырындар, газдалған сусындар, су.
• Тапсырыс нормасынан артық алынған тауар.

Тексеру чек-парағы:​​​​​​​

Есепті ұсыну үшін біздің Instagram-аккаунтымызға @prosushi_quality хабарлама жіберу қажет. Хабарламада міндетті түрде төмендегі ақпарат көрсетілуі тиіс:

  1. Тапсырыс жасалған күн.
  2. Чектегі тапсырыс нөмірі.
  3. Қала.
  4. Тексерушінің (сіздің) толық аты-жөні және телефон нөмірі.
  5. Тапсырыстың жеткізілген уақыты (оператор хабарлаған уақыттан бастап есептеледі немесе тапсырыс онлайн жасалған жағдайда сайттан не қосымшадан алынған уақыт көрсетіледі).
  6. Курьер сізді қалай қарсы алды? Курьер жеткілікті деңгейде сыпайы болды ма?
  7. Курьер қайтарымды алдын ала дайындап қойды ма?
  8. Тапсырыс чекте көрсетілген мәліметтерге сәйкес келе ме? Аспаптар мен тұздықтар қажетті мөлшерде бар ма?

Және фотосуреттерді тіркеу:

  1. Тапсырысты курьер қалай жеткізсе, сол күйінде пакетпен бірге фотоға түсіріңіз.
  2. Тапсырысты пакетсіз фотоға түсіріңіз. Кадрда мыналар болуы тиіс: қаптамалық плёнкадағы тапсырыс, жарнамалық материал (бар болса), чектер, соя соусы.
  3. Тапсырысты қаптамалық плёнкасыз фотоға түсіріңіз. Кадрда мыналар болуы тиіс: чек, жарнамалық материал (бар болса), таяқшалар, соустар, жабық күйдегі қаптама.
  4. Тапсырысты жоғарыдан фотоға түсіріңіз. Камера тапсырыстың дәл үстінде болуы керек, бүкіл тапсырыс толық кадрда көрініп, қиылып қалмауы тиіс. Чек кадрда міндетті түрде болуы керек (чектегі позициялар анық көрінуі тиіс).
  5. Тапсырысты бұрыштап фотоға түсіріп, салмасы көрінетіндей етіңіз.
  6. Салмасын жеке фотоға түсіріңіз. Порциядағы әрбір бөлікті міндетті түрде, үлгідегідей фотоға түсіру қажет.
  7. Барлық раздаткалық материалды, соның ішінде қосымша жарнамаларды (бар болса) толық фотоға түсіріңіз.

Хабарлама жіберілгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде жауапты күтіңіз (әдетте біз тезірек жауап береміз)​​​​​